Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтіледі

831 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, топырақ үйінділері тұрғызылды.

 Арналар мен арықтар жөнделіп, қайта салынды. Автомобиль және теміржол учаскелерінде мыңға жуық су өткізу құралдары орнатылып, ауыстырылды. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көпірлер күрделі жөндеуден өтті. Өзендердің қауіпті учаскелерінде түбін тереңдету және жағалауды нығайту шаралары жүргізілді. Синоптиктер көктемнің басы жылы, және жаңбырлы болады деп ескертеді. Осы орайда Вице-премьер су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың барлық кешенін 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды. Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында су тасқынының алдын алу шараларын күшейту қажеттігін баса айтты.