Конституциядағы өзгерістер: қоғам көзқарасы. Сауалнама
Жаңа Конституция жобасы жайлы ел не дейді?
Сауалнама:
- «Енді қазіргі заманда бұрынғыдай емес, көзі ашық азаматтар көп қой. Сондықтан да өз ойын құр айқайлап емес, барынша ашық түрде – Конституциялық сот болсын, ұйымдар болсын, олардың барлығына жіберіп, белсенді араласуы керек».
- «Парламент деген сөздің «Құрылтай» дегеніне қарсы емеспін. Бізде тарихта құрылтай болған. Қазақтарда құрылтай деп басқосулар болған. Жақсы-жақсы келісімдер болған. Содықтан құрылтай болғанына қарсы емеспін».
- «Бұл өзгерістерде өте үлкен жаңашылдық жатыр. Жаңа, жақсы бір өзгерістер бар деп есептеймін. Өзімнің соған көзім жетіп отыр.
Бұл Конституцияны оқи алу үшін, түсіну үшін – бұрынғы 95 жылы қабылданған Конституцияны білу керек. Әттеген-ай, бізде халықтың кейбір бөлігі түсінбей жатады. Ал енді жаңа нұсқасы әлі бекітілген жоқ, бұл әлі талқылауға шығарылды. Әлі де оның юридический жағын қарайды, сәйкестігін қарайды».
- «Танысып үлгердім. Қазақстан азаматтарының құқығын, заң күшейтіп, қаулы қайта қолға алынып жатыр».