Биыл алқаптарға 2,3 млн тонна тыңайтқыш себіледі
2032 жылға қарай елдегі тыңайтқыш өндірісі 4 млн тоннаға жетеді.
Межені орындау үшін қолданыстағы өндіріс ошақтарын жаңғыртып, жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Ал биыл алқаптарға 2,3 млн тонна минералды тыңайтқыш себіледі. Бұл былтырғыдан жарты миллион тоннаға көп. Бастысы қажетті тыңайтқыштарды уақтылы сатып алып, енгізу маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігі елде карбамид, калий хлориды және дикальций фосфаты өндірілетінін хабарлады. Осының арқасында шаруалар толықтай отандық тыңайтқыштармен қамтылады.