Астанада Ата заңның жаңа жобасы талқыланды

Жаңа Конституция жобасы ел өміріне елеулі өзгеріс алып келеді. Маңызды құжат 80 пайызға жаңарған.

Бұл туралы бүгін төменгі палатада өткен кеңейтілген жиында Қазақстан Халық партиясының өкілдері мәлімдеді. Отырысқа Сенат, Мәжіліс депутаттары, өңірлерден келген белсенді қоғам мүшелері қатысты. Олардың пайымынша, Ата заңға енгізілгелі отырған өзгеріс егемендік пен дербестікті нығайтуға бағытталған. Мұнымен қоса саяси жүйені жаңғыртуға, қоғамдық дамудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Азаматтық қоғамның рөлі күшейтіп, сан саланы дамытудың негізгі тетігі ретінде қарастырылып отыр.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Менің ойымша, халық қолдап, референдумда дауыс беріп жаңа Конституция қабылданып кетсе, еліміздің стратегиялық бағытындағы құжаттары да өзгеруі мүмкін. Біз тек қана осы өндіріске көңіл бөлмей, сонымен қатар ғылымды көбірек дамытып қаражат бөлетін шығармыз. Шатаспасам, ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нен 0,17 пайыз. Бұл дегеніміз ғылымға көбірек қаржы бөлінеді.