Атырауда қызылша жұқтырғандар көбейді
Қаңтар айының өзінде облыс орталығында 100-ден аса адам ауырған. Оның 86 пайызы - 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Уақытында екпе алмау салдарынан дерттің үдеп бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр. Инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатқандардың басым бөлігі 1 мен 5 жас аралығындағы балалар. Қазір ересектерге де екпе салу жұмыстары жүріп жатыр,- дейді мамандар.
Гүлназ Ербатырова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Екпесін дер кезінде алмай қалған балалар бар ғой. 1 жасында, 6 жасында екпесін алмай қалғандарға қосымша екпе жүргізіліп жатыр, ол 11-де болсын, ол 15-те болсын салынады. Себебі бізде 9-10 жағдай бар, 30 жасқа дейінгі ауырып қалып жатқан ересектер де бар. Сондықтан солардың арасында жергілікті емханаларға барып, екпесін алуына болады.