Оралда газ турбинасы іске қосылды

Орал қаласының жылу электр орталығындағы газо-турбиналық қондырғы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды.

Осыдан 20 жыл бұрын жапондық технология бойынша орнатылған, сағатына 40 тонна бу мен 28 мегаватт сағат электр қуатын өндіретін қондырғы былтыр ақпанда істен шыққан болатын. Осы мерзімде турбинаның компрессор қалақшалары мен жану камералары ауыстырылған. Басқа да тозығы жеткен қосалқы бөлшектер Жапониядан жеткізілген. Агрегатты жөндеуге төтенше жағдайларға арналған облыстық резервтен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы соңғы екі жылда жылу-энергетика саласын жаңғыртуға бюджеттен 15,6 млрд теңге бағытталған.

Бекболат Қамешев, «Жайықжылуқуат» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы:

- Түгел компресс қалақшалары ауыстырылып, капитальды ремонт өткізіп, Жапониядан алып келген бөлшектерін қойып, соны бүгін іске қосып жатырмыз. Қазір бізге 26-28 мегаватт электр қуатын береді. Сол электр қуатымен берешектерді, газдың алдында жабамыз. Себебі жазда істемей тұрғанда электр қуатынан ақша түскен жоқ та, газға қазір берешектеріміз бар.