Ақтөбеде қызылша дерті өршіп тұр
Ақтөбе облысында биыл 116 сәби қызылша дертіне шалдыққан. Санитар мамандар жұқпалы аурудың өршіп тұрғанын айтады.
Мәселен, былтыр 32 дерек тіркелсе, биылғы жылдың алғашқы айының өзінде науқастар саны 3,5 есе артқан. Қазір 24 бала мен 1 ересек адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер кеселдің алдын алудың бірден бір жолы – вакцина егу дейді. Өңірде 28 мың данадан астам препарат қоры бар.
Гүлдана Махметбай, дәрігер-инфекционист:
- Ақтөбе облысында вакцина алған балалар саны - 2069. Ал жалпы 6 айдан 10 ай, 29 күнге дейін балалар саны біздің Ақтөбе облысында – 5132. Ал негізі иммунизацияға жататын балалар саны - 4688 бала.