Жетісудағы Қаратал өзеніне бөгет салынып жатыр
Қаратал өзенінің жағалауы бекітіліп жатыр.
Жетісу облысындағы Тастөбе және Қаражиде ауылдарын көктемде тасқыннан ұзындығы 10 шақырымнан асатын бөгет қорғайды.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Бөгет құрылысының бүгінде 1,5 шақырымы салынып бітті. Нысанның биіктігі бес, ені 20 метр. Тоспа Қаратал өзені тасыған кезде 2 мыңға жуық тұрғыны бар Тастөбе және Қаражиде ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Есімхан Құмаров, Тастөбе ауылының тұрғыны:
- 68 жылы Қаратал тасыған кезде ауылымыздың ішінен үш жерінен арналары ағып, әбден халықтың есін тандырған. Одан кейін 74 жылы су алып өте қауіпті болатын. Ылғи да айтатын едік. Енді тыныш ұйықтайтын болдық. Скл Бұның бәрі егемендігіміздің арқасы.
Қаратал өзені Тастөбе мен Қаражиде ауылының маңында тарамданып ағады. Жайылым мен егістік алқапқа жақындаған ағын су қазір ескі арнасына бұрылып, табаны тереңдетіліп жатыр.
Азамат Әбікенов, учаске басшысы:
- Жұмысшы адамымыз 20, техникамыз 16, енді мына 25 қазан бастағанбыз. Енді осының 10 проценті бітті.
Ауқымды құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жоба ғылыми институт мамандарымен бірлесе жасалған.
Ермек Танысбаев, Қаратал ауданы әкімдігінің бас инспекторы:
- 2023 жылы Алматы қаласынан географиялық су қауіпсіздігі институтынан мамандар шақыртылып, сол институттың ұсынысы бойынша 2025 жылы қаражат бөлініп, 1млрд 340 млн теңгеге жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жетісу облысында көктемгі су тасқынының алдын-алуға былтыр 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, тиісті шаралар атқарылған.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД Басқарма бастығы:
- Жетісу облысында скл 24 шара жоспарланып барлығы толық аяқталды.
Жұмыстар Көксу, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал ауданында жүргізілді. 17 км өзен арналары тереңдетіліп, түзетілді. Сондай-ақ 12 км астам су бұру арналары тереңдетілді. 4 км қорғаныс дамбаларына жөндеу жүргізілді. Атқарылған жұмыстар арқасында 17 елді мекеннің су тасқыны қаупі төмендетілді.
ТЖД қызметкерлері биыл облыста 235 эвакуациялық пункт әзірленіп, 500-ден астам техника сақадай сай тұрғанын мәлімдеді.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев