Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейді
Қазақ тілінде басылатын кітап саны жыл сайын ұлғайып келеді.
Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының мәліметі бойынша, былтыр қазақ-орыс тілдерінде жалпы саны 6200-ден астам кітап жарыққа шыққан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама жоғары көрсеткіш. Соның ішінде 4 120 кітап қазақ тілінде баспадан шығып, таралымы 4 млн 218 мың дананы құраған. Ал алдыңғы жылы қазақ тіліндегі 3978 кітап басылған. Ал орыс тілінде басылып, ұлттық палатада тіркелген кітап саны тиражында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.