Сауалнама: қазіргі отандық жазушылардан кімді оқисыз?
Соңғы жылдары отандық кітап нарығында өзге тілден тәржімаланған кітап саны да артқан.
Ұлттық кітап палатасының дерегінше 2024 жылы 221 аударма тіркелсе, былтыр 196 жаңа кітап аударылыпты. Аударма демекші, әлемдік бэстселлерге айналған көркем және ғылыми әдебиетті қазақ тіліне аудару үлкен үрдіске айналып келеді. Жарнамасы жер жаратын шетел туындыларына оқырман тарапынан қызығушылық жоғары болса керек. Ал отандық жазушылардың шығармаларына деген сұраныс қандай? Жалпы замандас авторлар қаншалықты танымал? Халық пікір білдірді.