Электрондық және оптикалық өнім өндірісінің көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

Елде электрондық және оптикалық өнім өндірісінің көлемі ұлғайып, былтыр рекордтық көрсеткішке жетті. 

Жалпы құны 117 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 71%-ға өскен. Салада Алматы қаласы көш бастап тұр. Өндіріс көлемінің құны 44 млрд 700 млн тг. Одан кейінгі орында Қарағанды өңірі, Астана қаласы, Батыс және Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары тұр. Алайда есептеуіш құралдар, компьютерлер мен басқа да «ақылды» техника өндірісі 2025 жылы 17,4 пайызға азайған. Жалпы статистикадағы өсім телевизиялық қабылдағыш өндірісінің үш есе артуымен байланысты.