Рудныйлық оқушылар экоакция бастады

Рудныйлық оқушылар қоршаған ортаны қорғауға үндейтін экологиялық акция бастады. Олар қағаз қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге тапсырады. 

Бір тонна макулатура 17 түп ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді. Игі шараға мұғалімдер мен ата-аналар, мекеме қызметкерлері де қатыса алады. Акция аясында сенбіліктер ұйымдастырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Қағаз қалдықтарын жинауда белсенділік танытқандар түрлі аталым бойынша марапатталатын болады.