Астанада мектептердегі оқу онлайн форматқа ауыстырылды
Астанада қалың қар жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ кестесіне өзгеріс енді.
Бүгін екінші ауысымдағы бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.