Қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологиялар қолданылады

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды цифрлық технологиялармен толықтыру қажет.

Қазіргі таңда ірі өнеркәсіп орындары мен кәсіпорындар экологияға қатысты барлық есепті онлайн түрде бір цифрлық жүйеге тапсырады. Осылайша, жаңа жүйе экологиялық проблемаларды ерте анықтауға және дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді мамандар. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жасанды интеллект технологиялары арқылы үдете түсу жоспарда бар. Бүгінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында халыққа арналған Telegram-чат-бот іске қосылды. Ал қоқысты заңсыз тастау фактілерін азайту үшін  «EcoQolday» жүйесі жетілдірілуде. Бұдан бөлек алдағы уақытта «Табиғи ресурстардың интерактивті картасы» платформасында «Ағаш кесу билетін беру» мемлекеттік қызметі онлайн түрде қолжетімді болмақ.