Президент инвестициялық жобаларды созбалаңға салмауды тапсырды

Президенттің шетелге сапарлары мен инвесторлармен кездесулері барысында былтыр шамамен 75 миллиард доллар тұратын коммерциялық келісімдерге қол жетті.

Президент келіссөздегі уағдаластықтарды созбалаңға салмай, дер кезінде орындауды тапсырды. Бұған Президент Әкімшілігі де жауапты болады. Қасым-Жомарт Тоқаев жағымсыз үрдіс пайда болғанына тоқталды. Айтуынша, "жоғары басшылық деңгейіндегі келіссөздердің алдында өте белсенді жұмыс жүргізіледі, ал кейін тым-тырыс болып қалады. Сол үшін мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғаруды тапсырды. Қол қойылған әрбір құжат алдын ала сапалы түрде дайындалып, орындалу мерзімдері нақты айқындалуы қажет. Жұмыстың нәтижесі үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктеледі. Мемлекет инвесторлар алдындағы міндеттемелерін толық орындауы керек. Елге сенім, іскерлік бедел осылай қалыптасады.