Тексерістен өтпеген көліктерге шектеу бар
Жолда қауіп-қатер көп. Елде рөлі оң жақта орналасқан көліктер қалааралық жолаушы тасымалынан шеттетілгенін тағы бір еске саламыз.
Өйткені былтыр осындай көліктердің кесірінен жол апаты 27 пайызға өскен. Көлік және Ішкі істер министрліктері түзген іс-шаралар жоспарына сәйкес такси компаниялары техникалық тексерістен өтпеген, сондай-ақ рөлі оң жақтағы көліктерді алыс сапарға жібермеуге тиіс. Сосын, жүргізушілер жылына екі рет медициналық тексеруден өтуі қажет.
Жәдігер Тілеген, ҚР КМ Республикаішілік автомобиль тасымалдары басқармасының басшысы:
- 2024 жылдың 24 мамырында біздің Көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, сонымен бірге Қазақстандағы ірі таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының операторларымен бірге тиісті меморандумға қол қойылды. Сол меморандумға сәйкес осы таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшалары рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді кезең-кезеңімен қызмет көрсетуден айырды.