Абай облысында құтқарушылар үш баланы құтқарып қалды 

«Алматы-Өскемен» тас жолында, Қалбатау ауылынан 25 шақырым қашықтықта жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды.

Көлік ішінде көмекке мұқтаж бес адам, соның ішінде үш бала болды. Шақырту бойынша ТЖМ қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге — Қалбатау ауылына жеткізілді.

Құтқарылған жандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. ТЖМ мамандары азаматтарды жолға шығарда ауа райын ескеруді сұрайды.