Биомедициналық жобаларға қолдау көрсетіледі
Медицина саласындағы ғылыми ізденістерді зертханада қалдырмай, ем-дом мен жаңа дәрі шығару ісінде пайдалану керек.
Бұл туралы 2026–2028 жылдарға арналған биомедициналық зерттеулер мен ғылыми-техникалық тапсырмалар тізбесінің құжатында нақтыланды. Осылайша, отандық ғалымдар теориямен шектелмей, жаңалықтарын нақты нарықта қолдануға мән беру керек. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл бағыттағы жұмыстың болуына назар аударды. Сондай-ақ елде «MedTech» технологиялық платформасы іске қосылып, ғылыми жобаларды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта Біріңғай республикалық биобанк құрылып, кемінде бес отандық вакцина мен биомедициналық әзірлемеге қолдау көрсетіледі.
Талғар Абилов, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры:
- Бүгінгі таңда университетімізде 11 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Біреуі ДСМ арқылы, қалған 10-ы Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан орындалып жатыр. Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайды. Яғни ол нәрестенің кіндік бауының бағаналық клеткаларының культурасынан экзасомаларды бөліп алып, бірінші ғылыми, сосын емдеу бағытында қолдану. Ғылыми жобаны қаржыландыру 911 млн-ді құрайды, оның 100 млн-ы жеке серіктестеріміздің есебінен.