Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

Түркістан облысында қалың қар түсіп, ауа райының күрт бұзылуына байланысты жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылды.

Қазір Түркістаннан Шымкент, Тараз, Алматы бағыттарына қарай жолға шыққан жүк көліктері жол жиегіне шығарылды. Полиция қызметкерлері күн райының нашарлауы мен жолдардағы көктайғаққа байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Патрульдік экипаждар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетуде. Сондықтан әрбір жүргізушіге қыс мезгілінде сақтықты күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Бақытбек Жәнібеков, Патрульдік полиция взводының командирі:

- Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары және жүргізушілерінің назарына! Ауа райы күрт өзгеріп, қалың қар жаууына байланысты аса маңызды қажет жағдай болмаса алыс жолға шықпауларыңызды сұранамыз.