Оқушыларды тегін тамақтандыруға қанша қаржы жұмсалады?
Ел бойынша 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Бұл қатарда жоғары сыныптарда оқитын әлеуметтік осал топ санатындағы 252 мың бала бар.
Ол үшін жергілікті бюджеттен 201 млрд теңге бөлінді. Бір баланы тамақтандырудың орташа құны шамамен 775 теңгені құрайды. Ең жоғары тариф Астана қаласында. Мұнда бір балаға қазынадан 951 теңге бөлінеді. Бұл қатарда Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан бар. Ал ең төменгі тариф - Жамбыл және Алматы облыстарында.
Елде 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады
Тағы әлеуметтік осал топ санатындағы 252 мың бала
Жергілікті бюджеттен 201 млрд теңге бөлінді
Тариф:
Астана - 951 теңге
Алматы - 901 теңге
ШҚО - 896 теңге