Жаңартылған Конституция - тұрақты даму негізі
Конституциялық реформа – болашаққа жасалған стратегиялық қадам. Көкшетауда өткен республикалық семинарда «Ауыл» партиясының өкілдері жаңа заң жобасына осындай баға берді.
Алқалы жиында партия төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов жаңартылған Ата заңның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Оның сөзінше, бұл құжат – тек құқықтық нормаларды жаңарту емес, елдің дамуына серпін беретін тарихи бастама болмақ. Сонымен қатар семинарда жергілікті органдардың құзыретін кеңейту, өңірлердің дербестігін арттыру және қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту бағыттары талқыланды.
Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Қарапайым халық үшін оң өзгерістер, біріншіден басқару жүйесінде өзгеріс болады. Басқару жүйесі жалпы Президентіміздің негізгі ұстанған ұстанымдарының бірі. «Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық» үшін философия, яғни мұндағы басқару жүйесіндегі, билік жүйесіндегі философия түбегейлі өзгергеннен кейін міндетті түрде мұның халықтың тірлігіне, қоғамның өміріне оң ықпалы болатыны анық.