Тараздықтар «Халық кеңесін» құруды қолдайды. Сауалнама

Тараздықтар Президенттің Ұлттық құрылтайда «Халық кеңесін» құру жайында айтқан бастамасын қолдайды. Конституциялық реформада бұл органның құрылуы жан-жақты талқылануда.

Кеңес құрамына этномәдени, қоғамдық бірлестік өкідері мен әр аймақтағы мәслихат мүшелері кіреді. Сондықтан мұнда халықтың пікірі жан-жақты ескеріледі, - дейді тұрғындар.  Қала жастары волонтерлер жайындағы алғашқы заң жобасының әзірленіп жатқанына оң көзқарас білдіруде. Аталған бастаманың мақсаты еріктілерге қолдау көрсету. Тұрғындар өзгерістердің ел ішінде ашық талқылануын маңызды қадам деп бағалайды. Өйткені Ата заңға енгізілетін тарихи түзетулерге әрбір азамат бейжай қарамауы қажет.

Сауалнама:  

- «Қазақстан халқының ұсыныстарына құлақ асуы бұл ең алдымен еліміздің демократиялық, сонымен қатар халықтың үніне құлақ асатын мемлекеттің таңы бір көрінісі деп білемін. Себебі Еуропа мемлкеттері болсын басқа Америка құрлығының мемлекеттері болсын барлығы ең алдымен мәндетті түрде халықтың сұрауына халықтың жолдауына құлақ асып одан кейін барып сол сұрауар бойынша мемлекеттің заңдарын қабылдайды».

- «Халықтың кеңестің құрылатыны және де ол жердегі еркіндік пен ойдың әрбір адамның әрбі Қазақстандық тұрғынның ойының ашық білдіруді. Қазіргі болып жатқан қоғамдағы өзгерістердің барлығына өзінің ойын шынайы түрде айта алуы осының барлығы көптеген өзгерістердің кепілі деп білеміз».

- «Түсініксіз терминдер халыққа түсінікті жеткізілу үстінде. Жалпы отырыстарын тұрақты түрде бақылап отырмыз. Онлайн форматта өткізіліп жатыр. Мұндағы ең бір ұтымды тұсы бұл – мынау қазіргі таңдағы қос палаталы парламенттің Құрылтай деп аталуы. Осы Құрылтайдың құрылуы алдағы уақытта саяси үдерістерді оңынан бастайтынына сенімдіміз».