Павлодар облысында контрабанданың жолы кесілді

Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген құстарды шетелге заңсыз шығарудың жолы кесілді.

Контрабандалық әрекет Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әшкереленді. Қылмысқа қатысы бар күдікті топтың ішінде ұлттық парк қызметкерлері де болған. Тінту шаралары кезінде 40-тан астам құс, бес дана қару, екі жүзге тарта оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, сондай-ақ құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық ұсталған адамдар қамауға алынды.Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.