Петропавлда қар шығару жұмысын ЖИ қадағалайды

Петропавлда қар шығару жұмысын жасанды интеллект қадағалайды.

Облыс орталығында инновациялық жоба іске қосылды. Қала шетіндегі 3 полигонға «ақылды» камералар орнатылды.   Олар қар тиеп келген  көлікті суретке түсіріп, мәліметті біріңғай базаға жолдайды. Егер көліктің тіркемесі толық болмаса рейс есепке алынбайды.  Цифрландырылған бағдарлама жүйесіне 200-ге жуық арнайы техника енгізілді. «Бұл жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Серік Мұхамадиев, қала әкімі:

- Бұған дейін арнайы техникалардың қозғалыс бағыты GPS датчик арқылы қадағаланатын. Бірақ қанша қар артылғанын көре алмайтын едік. Енді бұл жұмысты жасанды интеллект есептейді. Ақпараттық базаға жолданған мәліметті ешкім де өзгерте алмайды.