Тараздықтарды қалың қар әбігерге салды

Таразда екі күннен бері қар тоқтамай жауды. Жұрт қазір тізеден қар кешіп жүр. Коммуналдық қызмет кешелі бері әбігерге түсіп жатыр.

Расында қаңтарда жаумаған қар, ақпанда ақ ұлпасын аямады. Екі тәуліктен бері тоқтаусыз қар түсіп, қалыңдығы жарты метрден асып кетті. Салдарынан шаһардағы көлік қатынасы біраз қиындап қалды. Соқтығысқан көліктер, жолдан шыққан автобустар бар. Ал коммуналдық қызмет мамандары түні бойы көше тазалығымен айналысып жатыр. Көшелерді омбы қардан тазалау үшін 80-нен аса арнайы техника мен 500-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Алмат Радиков,  Жасыл ел – Тараз серіктестігінің өкілі:        

- 110 көшеге құм тұз шашылды. Осы күндері 540 м3 құм, 180 тонна тұз пайдаланылды. Жұмысшылар аялдамаларды тазартуда. Қосымша техникалар да көмекке келіп жатыр.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары шеткері көшелер толық тазаланбады деген шағымын да айтып жатыр? Техника жетіспеушілігі бар ма? Себебі неде?

Алмат Радиков,  Жасыл ел – Тараз серіктестігінің өкілі:        

- Жетпесе жауап береді. Одан соң қала көшелерін тазалаудың реті, принціпі жайында айтады. Аталған жұмыстар бірінші кезекте білім ошақтарына, емханаларға барар жолдарда және орталық көшелерде жүргізіледі, сосын шеткі аймақтарда қамтылады.  

Айта кетейік, қардың қалың түсуіне байланысты қаладағы барлық мектеп кешелі бері онлайн форматта білім беріп жатыр. Еске салсақ, екі тәуліктен бері республикалық маңызы бар тасжолдар да жабылған еді. Жауаптылар күре жолдарды бірнеше сағаттар соң ашатынын мілімдеді.