15 өңірде қар мен көктайғақ: жүргізушілерге ескерту жасалды

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

27 қарашада еліміздің 15 өңірінде жауын-шашын болады. Бірқатар облыста қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түседі. Соның салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды «24KZ» «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында қолайсыз ауа райы болжанып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығарда ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және оқыс маневр жасамауға кеңес беріледі.

Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз: