Конституция реформасы – заман талабы. Сауалнама

«Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың талқылауы демократиялық реформаның көрінісі».

Ата заңдағы толықтыруларға қатысты азаматтық ұстанымын білдірген Жетісу облысының тұрғындары осылай дейді. Мемлекеттің басты құжатын оқып ой елегінен өткізгендер өз пікірін айтты. 

Сауалнама:   

- «Волонтерлік қазақтың жанында бар нәрсе ғой. Бұрын «Асар» деген болған. 30 жылдары этнос өкілдері бізге келгенде үйінің бір бұрышына тұрғызса да көмектескен. Сондықтан волонтерлік Ата заңға енгені дұрыс деп ойлаймын».  

- «Біз балаларды өсірдік, бақтық, қақтық дегендей, кейін ата-аналар қараусыз қалмау керек қой. Сол үшін ата-анаға қарайсың дегенді заңға қосатыны өте керемет ұнап отыр.