Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды.
Оның құрамына 5 саяси партия филиалдарының өкілдері, кәсіби заңгерлер мен мәслихат депутаттары, ғылыми орта және шығармашылық адамдары мен сарапшы мамандар тартылды. Құрамға енген 457 адам барлық аудан қалаларда, халықтың барлық санатымен 2 мыңға жуық кездесу өткізіп, Конституция реформалары аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіретін болады. Өңірлік коалицияның алғашқы отырысында қатысушылар жаңа құжаттың стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Олардың айтуынша, бұл бастама еліміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындап, Қазақстанды білімге, ғылымға, инновация мен технологияға сүйенген заманауи мемлекет ретінде қалыптастыруға берік негіз қалайды. Айта кетейік, коалиция жұмысы қоғаммен ашық диалог орнату және реформалардың мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіруді көздейді.
Қалыйма Жантөреева, Өңірлік коалиция төрағасының орынбасары:
- Конституция – адам бостандықтары мен құқықтарына мүлтіксіз кепілдік береді. Бұл халыққа өте жағымды, жанына жақын мәселе. Өйткені халық әр кезде билікпен кері байланысты қалайды. Халық кеңесінің де салмағы осы халықпен жақындықта жатыр.