Конституция жобасы: дамудың жаңа бағыты. Сауалнама
Жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік пен аумақтық тұтастығымыздың мәңгілік құндылық деп көрсетілуі - мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды қадам.
Ал стратегиялық бағыт ретінде таңдалған білім мен ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Халық пікірі осыған саяды.
Сауалнама:
- «Ата заңымыздың преамбуласында Ұлы даланың мың жылдық тарихы мен рухани, мәдени шежіресінің көрініс табуы, атап көрсетілуі бұл мемлекеттің тарихи сабақтастығын айқындайтын бір маңызды тұжырым деп айтуға болады.Шекара мен аумақтық тұтастық ол қашанда маңызды, соның бәрі Ата заңда көрініс тауып, жаңа жоба да танысып отырмыз».
- «Ахмет Байтұрсынұлының жаңағы «біз басқа елден кем болмау үшін, білімді болуымыз және һәм күшті болуымыз керек». Ал білімді болу үшін не керек, оқу керек. Сол сияқты Контитуцияда түпкі негізінде білім,инновация және мәдениет, ғылым. Осы мәселеге ең басымдық берілген және бұл Конституцияның кіріспесінде де айтылып өтеді».
- «Адамнан адамның артықшылығы неде дегенде, ол білімде, парасатта. Оның көрінетіні содан көрінеді ғой. Ол сен байлығыңмен көзге түспейсің, бірінші білім болу керек. Сондықтан біздің мемлекетіміздің білімге, ғылымға ерекше көңіл бөліп жатқандығы өте жақсы. Енді ғылым дамып, ол өндіріске еніп жатса, ол экономикамызға, болашағымызға үлкен әсер етеді».
- «Цифрлық ортада әр адамның дербес деректері, жеке өмірі және отбасы құпиялары бұрмаланып, басқа мақсатқа пайдаланылмай заңмен қорғалуы тиіс. Сол себепті мынау Қазақстан Республикасының жаңа жобасында алғашқы рет азаматтардың құқытарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітіліп отыр. Бұл өз кезегінде киберқылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді деп есептеймін».