Жалпыұлттық коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері жастармен кездесті. 

Бұл жолы түсіндіру тобы елордадағы ойын-сауық орталықтарының біріне барып, Ата Заңға енетін өзгерістер жайлы жұртпен пікір алмасты. Кездесу концерт форматында өтті. Оған қазақ эстрада жұлдыздары да қатысып, өнер көрсетті. «Көпшіліктің көңілін көтерумен қатар, құжаттағы түзетулер жайлы халықты құлақтандырдық», - дейді ұйымдастырушылар. Бірнеше күн бұрын елде коалиция құрылған еді. Бірлестік мүшелері референдумға дейін тұрғындармен жүздесіп, жаңа конституция жобасын түсіндіреді.

Ақерке Искендирова, «AMANAT» Партиясы «Жастар Рухы» Жқ Төрағасы:

- Бүгін сахнамызда бес қазақстандық жұлдыз, сонымен қатар төрт коалиция мүшелері, оның ішінде мәжіліс депутаттары, Айгерім Есенәлі тележүргізуші, жастар тарапынан да сөз сөйледі. Жалпы бұл шара жастарға жаңаша форматта түсіндірме жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жалпыұлттық коалиция мүшесі:

- Елдің негізгі драйвері, елдің негізгі күші – жастарға осындай заманауи форматта жастармен диалогқа түсу өте ұтымды тәсіл. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан шараның мазмұны, ұғымы кең деп айтсам болады.