Су үнемдеу – үлгілі іс

Судың 50 пайызын сырттан тұтынатын ел үшін ең бірінші мәселе – үнем. Үнемсіз қанып ішу түгілі, қазып ішу қиындайды.

Сарапшылар 20 жыл көлемінде тіршілік нәрінен тапшылық болатынын болжап отыр. Бұл дегеніңіз кемі 15 млрд текше метрдей су. Ал шығынға ұрынбау үшін ысырапсыз пайдалану технологияларын енгізумен қатар су үнемдеу мәдениетін де көтеру керек. Бұны бала кезден санаға сіңіру үшін сала министрлігі білім беру ұйымдарына бұйымтаймен шыққан. Яғни балабақша мен мектеп педагогтары арасында «тамшының шытырман оқиғалары» тақырыбында эко ертегі жазу бойынша республикалық конкурс өтеді. Кейін үздік туындылармен оқушыларда таныстырылады. Сондай-ақ елдік істегі ептілер де тіршілік нәрінің қадірі жайында насихат жүргізіп жатыр.

Камила Мұқанова, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқармасының сарапшысы:

- Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап министрлік Елшілердің, халықаралық ұйымдар басшыларының және Парламент депутаттарының қатысуымен мектеп оқушыларының арасында «Суды үнемде, болашақты сақта» атты ашық сабақтар өткізу жоспарланып, іске асып жатыр. Ашық сабақтан кейін 1-11 сынып оқушыларына арнайы әзірленген материалдық әдістеме негізінде мұғалімдер сынып сағаттары мен тәрбиелік іс шаралар өткізеді.