Түркістанда жас қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

Түркістан қаласында сирек кездесетін медициналық жағдай тіркелді. 15 жастағы қыздың асқазаны қатты ауырып қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

Тексеру барысында дәрігерлер асқазан қуысында ірі көлемді бөгде заттың бар екенін анықтаған. Науқастың жағдайын ескере отырып, мамандар шұғыл түрде операция жасауға шешім қабылдады. 3 сағатқа жуық созылған операция барысында қыз баланың асқазанынан салмағы 900 граммнан асатын шаш түйіні алынды.

Бағдат Байкеев, қалалық Балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бала операциядан кейін жандандыру бөлімінде жағдайы тұрақтанғанша бір тәулік жатып, бүгінгі таңда хирургия бөліміне тұрақты жағдаймен ауыстырылды. Жалпы жағдайы жаман емес, ауыр, тұрақты болып есептеледі. Бұл психологиялық ауытқуы бар балаларда, тұйық балаларда, әке-шешенің қарауынсыз болып қалған себептерінен болатын жағдайлар.