Ел батысында кей жолдар уақытша жабылды

Ел батысында қолайсыз ауа райына байланысты кейбір жол учаскелері жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«Ақтөбе - Орал - Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының жекелеген бөліктері жабылды. Маржанбұлақ ауылы мен Батыс Қазақстан облысының шекарасы және Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ арасында қатынау шектелді. Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданы мен Ақтөбе аралығындағы жол учаскесі де уақытша жабық. Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ұқсас жағдай. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады