Қозғалыстың жаңа тәртібі: қоғам қалай қабылдайды? Сауалнама

Экологияны жақсарту үшін көлік қозғалысына енгізілуі мүмкін өзгерістер жайлы тараптардың пікірін тыңдадық. Ал ел пікірі қандай? Тілшіміз жүргізген сауалнаманы көрейік.   

Сауалнама:

- «Жоқ, ол жақсартпайды. Мысалы, мен такси жүргізушісімін, сонда бір күні жұп сан, бір күні тақ сан. Сонда менікі тақ болса, жұп күні демалсам, ол күннің ақшасын кім береді маған? Мен қарсымын.  Сонда адамдар бір күні жұмысқа машинамен барады да, бір күні автобуспен бара ма? Қарсымын».

- «Қалай десем екен, тек қана артықшылық болатын жағдайда қолдаймын. Өзіміздің болашағымызға жақсы септігін тигізеді деп ойлаймын».

- «Экология жақсарады деп ойламаймын. Қалай бар солай қалатын сияқты. Адам көлікті не үшін алады? Өзінің ыңғайы үшін. Жұмысқа жету, бір шаруалармен кету. Сондықтан адам өзінің графигіне ыңғайлы болу керек қой».

- «Жұп сан, тақ сан жүреді деген қате деп ойлаймын. Мысалы, электрокарлар бар, олар да жұп сан, тақ сан болады. Оларда қалай болады? Оның орнына ТЭЦ-тарға, зауыттарға фильтр орнатқан дұрыс».

- «Бұл эксперимент экологияға өте пайдалы деп ойлаймын. Көлік кептелісін екі есе азайтады. Экологияға оң өзгерісін тигізеді.

Дұрыс емес сияқты. Халыққа мүлдем қолайсыз ғой. Әркімнің барлығының жұмыс бар. Мысалы, мен бүгін жаяу барсам, ертең қалай такси шақырып барамын ба, қалай болады ол? Бәрібір халыққа бір минус сияқты. Сонымен қатар өз басым мұндай шешімге қарсы болатын едім».