Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Қасиетті Рамазан айы басталды. Ислам дінінде айлардың асылына айналған бұл кезеңде мұсылмандар ораза ұстап, құлшылығын күшейтеді.

Күні бойы ауыз бекітумен шектелмей, теріс әдеттерді тыйып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге ұмтылады. Наурыздың 16-сынан 17-сіне ауғанда Қадір түні болады.

Ораза айт 20 наурызға келіп тұр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақасының мөлшерін биыл 735 теңге деп бекітті. Ол 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелген. Ал ауқатты адамдар садақаны

2 келі мейіз немесе 4 келі құрманың бағасымен, яғни, 6 400 бен 12 400 теңге аралығында бергені абзал.

Елібек Тасболатұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы:

- Рамазан күндері басталғаннан бастап пітір садақаны бере береді. Ең соңы осы айт намазы оқылып болғанға дейін, айт намазына дейін беріп бітіруі керек. Бір адам өзінен және отбасынан пітір береді. Егер балалары еншісін алып кеткен үлкен балалар болса, оларға білдіріп, сол әке беруіне болады. Немесе бөлек шығып кеткен отбасы негізі өзі беруі міндеттеледі.