Павлодарда құндыздар ағаштарды құлатып жатыр
Павлодарда құндыздар орман ағаштарын жаппай құлатып жатыр. Бұл тақауда өңірде күннің көзі жылып, ал су молынан таситынын аңғартады. Өйткені зорманның бұл түрі ағаштарды осылай құлатып, тоған тұрғызады. Сөйтіп, көктемгі тасқыннан қорғанады. Ертіс өзенінің бойындағы орман шаруашылықтарында мұндай көрініс бұрын-соңды байқалмаған.
Құндыздың бұлай аласұрғанын орманшылар: "Алғаш көрдік", - дейді. Қазір бұл аумақта құндыздың саны шамамен 120-ға жуықтайды. Жалпы құндыз күндіз ұйықтап, түнде жортады. Сол себепті көзге көп түсе қоймайды.
Дана Мұқышева, аңшылықтанушы:
- Бүгінгі таңда Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемеде 158 дана құндыз тіркелген. Атап өтсек, Жаңаауыл орманшылығында 59 дана тіркелді. Осыған орай мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Жағдай бақылауда.