Жаңа конституция – дамудың жаңа мүмкіндіктері
Жаңа Конституция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Ата Заң – азамат пен мемлекет арасындағы құқық пен міндеттің теңдігін айқындайтын басты құжат. Ондағы әрбір өзгеріс құқықтық нормаларды жаңартумен қатар, мемлекеттің болашақ даму бағытын нақтылауға бағытталған. Жаңа Конституция жобасына қатысты тұрғындар пікірі осындай. Конституция жобасында адами капиталды, білім, ғылым және инновацияны дамыту, зияткерлік меншік құқығын қорғау мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Бұл елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын басымдықтар. Осы ретте тұрғындар жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және қоғамның заманауи талаптарына жауап беруге негіз болады деген пікірде.
Блиц 1. Шын мәнінде де жалпы халықтық талдау болды деп толық айтуға болады. Себебі сол анау құрылған жұмысшы тобынан бөлек eGov, Е-өтініш арқылы бүкіл халық қатысты ғой осыған. Кез келген адамның мүмкіндігі болды. Өзінің ойын білдіруге, пікірін білдіруге. Жаңағы 77 бапқа өзгеріс еңгізіліп жатса, 84% жаңарып жатса менің ойымша, сөз жоқ сол халықтан келген ұсыныстардың көбісі осы жерге енді деп ойлаймын. Енді тағы да бір мынандай жаңылыс пікір бар, мен айтқанымның бәрі Конституцияға кірмей қалды деп кейбір адамдар айтуы мүмкін. Өйткені бұл Ата заң болғаннан кейін заңдардың атасы болғаннан кейін бұл жерге негізгі, негізгі тармақтары кіруі керек қой.
Блиц 2. Мен осы жаңа конституциялық өзгерістерді қолдаймын. Қазіргі бізде гуманитарлық құндылықтарды яғни Ата заңда адам құқықтары мен гуманитарлық құндылықтарға ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар технологиялық дамуға мән беріледі.
Блиц 3. Ол өзгеріс біздің елімізге өте үлкен пайдасын және бір дамуын алып келеді деген үміттемін. Жалпы жаңа Конституцияны өз басым қолдаймын және біздің, жастар қолдайды деген сенімдемін. Өйткені ол маңызды бір тарихи сәт деп ойлаймын.
Блиц 4. Конституция референдумына қатысамын. Жастардың өкілі ретінде айтатын болсам бұл біздің қазақ елі үшін өте қолайлы. Өйткені бұл білім жағынан өзіміздің құқық жағынан, болашағымыз жағынан жарқын болады деген үміттемін.