Жаңа Конституция жобасы: саяси жаңғырудың жалғасы. Сауалнама

Ел арасында жаңа Конституция жобасы қызу талқыланып жатыр.  Ата Заңға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқығын қорғап, елдің даму бағытын айқындап береді,- дейді тұрғындар.

Сауалнама:

- «Шындығында, цифрлық ортада адамның құқығын қорғауға осындай дүниелер керек деп ойлаймын. Жақсы нәрсе бұл. Өйткені біздер сауатты дегенмен де, әлі де болса өз құқығымызды білмейтіндер бар арамызда».

- «Жастардың өзінің ойын еркін айтуға немесе ғылыми бағытта қандай да бір идеяны жүзеге асырған жағдайда барлығы заңмен қорғалады деген ойдамыз. Бұл ғылыммен айналысамын деген жас ғалымдарға үлкен бір бағыт болып отыр, мүмкіндік».

- «Жаңа Конституцияда көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде оның маңызы бұрынғыдан да айқынырақ негізделіп, көрсетілген. Бұл еліміздің дамуында, еліміздің болашағында өте маңызды рөл ойнайды деп ойлаймын».

- «Заң жобасында бұл шекараның мызғымайтындығы туралы атап өтілуі де – біздің осы жердің заңды тұрғындары, заңды мекеніміз екендігінің бір дәлелі деп ойлаймын».