Ғалымдар жаңа Ата Заң жобасын талқылады
Жалпыұлттық коалиция депутаттары өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Павлодарда Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы «Марғұлан орталығы» археологиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесті. Ұсынылған өзгерістерге жан-жақты тоқталып, ғалымдардың сұрақтарына жауап берді және алдағы республикалық референдумға азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Әділеттілік, ашықтық және билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға бағытталған нормаларға ерекше назар аударды. Сенатордың айтуынша, жобаны кәсіби ортада талқылау сарапшылардың пікірін ескеруге, және шын мәнінде халықтық құжат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алтынбек Нұхұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- ҚР Ата Заңы, яғни Конституциямыздың жаңа жобасында үшінші бабтың мынау екінші тармағында «Қазақстан Республикасы адами капиталды, адам капиталын білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды», - деп жазылған. Яғни бұл не деген сөз? Бұл жалпы ғылым, білім, инновацияны Конституциялық деңгейде бекіту деген сөз. Яғни бұған стратегиялық бағыт болғандықтан ғылымның рөлі көтеріледі. Сол арқылы мынау білім, ғылым егіз сала деп санайтын болсақ оның біздерде адам капиталын көтеру жағдайы көзге алдыменен түсетін болады.