Құрылтайда МӘМС қорын дамыту мәселесі талқыланды
Қазақстанда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының құрылғанына биыл 10 жыл толды. Бүгін Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қорды дамыту жайы сөз болды, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл басында Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына өткен болатын. Қор басшылығының айтуынша, елде халықтың 88 пайызы «сақтандырылған» статусын алғанымен, оның басым бөлігі – жеңілдік санатындағы адамдар.