Кәсіпорын қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдайды.
Өндіріс ұжымдары елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүріп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысатындарын мәлімдеді.
Петропавл электротехникалық зауытының қызметкерлері алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті. Жұмысшылар жаңа Конституция жобасы өндірістің дамуына және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпал ететінін жеткізді.
Рамазан Батыров, жұмысшы:
- Жаңа Конституцияның жобасын қолдаймын. Бұл құжат еліміздің тұрақты әрі сенімді дамуына негіз болады деп сенемін. Адам құқықтарын қорғау әр азаматтың қадір қасиетін құрметтеу біз үшін маңызды қағидалар. Осы уақытта біз ұжымымызда әділдік пен жауапкершілікке негізделген тұрақты жұмыс ортасын қалыптастыруды жалғастырамыз. Қоғамның заң мен тәртіппен нығаюы өндіріс саласына да оң әсер етеді деп ойлаймын.
Жаңа конституция жобасына Абай облысындағы «СЕМАЗ» зауыты мен Ақтөбедегі KAZCHROME кәсіпорнының қызметкерлері де қолдау білдірді.
Қуаныш Мейрамғазы, өндіріс бөлімінің басшысы:
- Мен Конституциялық реформаны қолдаймын. Жаңа Конституция әр азаматтың құқығын қорғауға, және бәріне тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Бұл біз сияқты еңбек адамдары үшін өте маңызды. Өйткені әр адамның еңбегі бағаланып, заңмен қорғалуы тиіс. Елімізде заң мен тәртіп мықты болса, кәсіпорындар тұрақты жұмыс істейді.
Әлішер Мақсатұлы, кәсіпорын жұмысшысы:
- Жаңа Конституция жобасын қолдаймын. Бұл жоба жай ғана заңға енгізілген өзгерістер емес, бұл мемлекетіміздің дамуына үлкен серпін беретін әділеттілік пен жауапкершілікті қамтамасыз ететін үлкен бір қадам деп санаймын.
Алып зауыттың бірі «Казфосфат» кәсіпорнының ұжымы да ұсынылған өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Олар жаңа жобада экология мәселесіне ерекше назар аударылғанына дән риза. Экологиялық бағыт қоғамдық санада құндылық деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.
Жанәділ Аңқабаев, бөлім басшысының орынбасары:
- Әрқайсымыздың отбасымыз, балаларымыз бар. Олардың болашағы жарқын елі тұрақты. Қоғамның әділетті болғанын қалаймыз. Сондықтан да келе жатқан Референдумға бей-жай қарамаймыз. Бұл Референдум мен үшін маңызды іс деп ойлаймын.
Жаңа конституция жобасына «Желаев астық өнімдері комбинаты» «Orda Glass», «Родина» сүт зауыты, «Ақсуқант», «Қазақстан электролиз зауыты», «Семей цемент», «Зерде-Керамика», «Kazzinc холдингі» «Павлодар мұнай-химия» зауыты «Agro Innova», «Allur» Астана Моторс» компаниялары мен КазАзот зауыты да үн қосып, қолдау білдірді.
Авторлары: Айнұр Қуатқызы Шырын Батырбекқызы