Павлодарлықтар жаралы елікті құтқарып қалды
Қала тұрғыны таңғы жаттығу кезінде өзен жағасында жалғыз жатқан елікті кезіктірген. Алайда санынан жараланған жануардың қашуға шамасы келмепті.
Қазір оны орманшылар қамқорлығына алды. Облыс орталығынан 10 шақырым жердегі Павлодарское ауылына жеткізілді. Олардың айтуынша, елікті бұралқы иттер немесе басқа ұсақ жыртқыштар талаған болуы мүмкін.