Ақмола облысында жолда қалған 16 адам құтқарылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мұндағы төтенше жағдайлар қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 

Олар Қорғалжын ауданында қар құрсауында қалған алты көлік жолаушыларын эвакуациялады. Сондай-ақ Жақсы, Жарқайың, Шортанды, Есіл аудандары мен Көкшетау маңында жолаушылар жылыту бекеттеріне жеткізілді. Күн райы Солтүстік Қазақстанда да құбылып тұр, онда бес адам құтқарылды. Біреуі Ресей азаматы. Жолаушылар Кызылжар ауданынан Петропавлға беттеп бара жатқан. Алайда қар басқан жолда көлік шұңқырға түсіп кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, адамдарды Пресновка ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді.