БҚО-да 87 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізіледі
Батыс Қазақстан облысында да тасқынның алдын алу жұмыстары басталды. Шаған, Деркөл және Шыңғырлау өзендерінде 47 мың шаршы метр аумақтың мұзын жару көзделген.
Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 200 млн-нан астам теңге бөлініп, арнайы лицензиясы бар мердігер компания анықталды. Мамандар наурыздың ортасына қарай күн күрт жылынуы ықтимал екенін айтады. Тасқын қаупі облыс орталығы мен Тасқала, Бәйтерек аудандарында жоғары.
Әлібек Ташимов, Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- Мердігер ұйым анықталып отыр. Барлық қажетті рұқсат құжаттары алынды. Бүгінгі күнге жұмыстар белгіленген алгоритмге сәйкес және өнеркәсіптік, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сайкес жүзеге асырылатын болады.