Әлеуметтік кепілдіктер Конституциялық деңгейде бекітіледі
Жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік қағидаты нығая түсті.
Әлеуметтік кепілдіктердің Конституциялық деңгейде бекітілуі – қоғам тұрақтылығының берік негізіне айналады. Жаңа Конституция жобасында ең төменгі жалақының, зейнетақының, сондай-ақ жасына, мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік қамтамасыз етудің кепілдіктері нақты бекітілген. Сарапшылар бұл нормалар азаматтардың өмірлік қиын жағдайға тап болған сәтінде мемлекет тарапынан жүйелі қолдау алуына құқықтық негіз болатынын атап өтті.
Рауан Қалиев, заңгер:
- Ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақыға кепілдік беру сонымен қатар мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру үлгілері методтарына азаматтарға мүмкіндік береді. Азаматтар белгілі бір жағдайда денсаулығына зақым кеп немесе мүгедектік жағдайға душар болатын болса, мемлекет оның жәрдемақысына, тегін емделуіне немесе тегін білім алуына жағдай жасайды және кепілдік береді.