Бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз күтіледі
Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ел батысы мен оңтүстігінде де күн суытады.
Кей аймақта желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Қыс мезгілінің аяқталуына санаулы күндер қалса да, ақпан айының соңына дейін күн көзінің жыли қоюы екіталай, - дейді «Казгидромет» мамандары.
Аруна Әскербек, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген суық антициклоны ықпал етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман байқалады. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы -15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталықта -28-37 градусқа дейін төмендейді. Шығыста -32-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстікте -10 градус суық.