«Самұрық-Қазына» қоры жаңа Конституция жобасын талқылады

«Самұрық-Қазына» қоры жаңа Конституция жобасын қолдады.

Бүгін ұжымда арнайы жиын өтіп, жаңа Ата заңдағы өзгерістер мен құжаттың маңызды тұстары талқыланды. Қор басшылығымен компания өкілдері өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Жаңа Конституция жобасы ел ертеңінің кепілі. Тарихи шешімді қабылдау бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды деді Нұрлан Жақыпов. Жиында алғашқы боп "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарма төрағасы сөз алды. Ол Ата заңдағы маңызды өзгерістерге тоқталды. Мемлекет тағдырына бейжай қарамай, дауыс беруге қатысудың құндылығын атап өтті.

Әсем Сартбаева, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жас мамандар кеңесінің төрайымы:

- Жалпы,  жаңа конституция жобасында адами капиталға ерекше мән беріліп отыр. Білімге, ғылымға осы жағы бізді қуантады. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобында жас мамандар кеңесі жұмыс істейді. Әрбір портфельдік компанияда жас мамандар ұйымы бар. Сол кеңестің төрайымы ретінде жаңа Конституцияға қатысты бүгін осындай келелі кездесу өтті. Бұл кездесу жастар үшін өте маңызды деп есептеймін.

Бүгінде қор компанияларында шамамен 250 мың адам еңбек етеді. Бұл ел экономикасының негізгі салаларындағы мыңдаған маманнан тұратын бір емес бірнеше ұжымның саны. Олардың әрбірі алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсінеді. "Бір кісідей атсалысу ортақ міндет",  - дейді қор қызметкерлері.

Алмат Жәмиев, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры:

- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тобында 200 мың адам жұмыс істейді. Сондықтан осы жаңа Ата заң жобасының нормаларын сол 200 мың адамның ғана емес сол кісілердің жанұяларына баршасына жеткізу маңызды.

Жиын соңы пікір алмасуға ұласты. Қызметкерлер ойларын ортаға салып, ұсыныстарын да білдірді.