СҚО-да су қоймасы толып тұр

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенін реттейтін «Сергеев» су қоймасы кемеріне келді. Соңғы мәлімет бойынша, бөгенде 670 млн. текше метр су бар. 

Бұл жалпы сыйымдылықтың 97 пайызына тең. Қазір осыған байланысты жоспарлы су ағызу жұмысы атқарылып жатыр. Синоптиктердің айтуына қарағанда, биыл гидротехникалық нысан 2 млрд. текше метр су қабылдауы мүмкін. Көктемгі тасқынға қарсы су қоймасының жағалауы нығайтылды. Өндірістік аумақта апаттық бригадалар құрылып, арнайы техникалар жасақталды.

Ержан Күсімбаев, «Қазсушар» РММ СҚОФ директоры:

- «Сергеев» су қоймасының оң жағалауына 4 мың текше метр шойтаспен нығайтылды. Ал сол жағалауында су өткізу каналы кеңейтілді. Бұл жұмыстарға 186 млн. теңге бөлінді.