Халықтық құрылыс: СҚО-да жиырма жоба жүзеге асады

Cолтүстік Қазақстан облысында алдағы үш жылда әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы 20 жоба жүзеге асырылмақ.

Оған 90 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Жалпы елімізде 2029 жылдың соңына дейін "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент халыққа Жолдауында айтты. Алғашқы кезеңде еліміздің өңірлерінде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту және елді мекендерді газдандыру жұмыстарына басымдық беріледі. Алдағы өзгерістер туралы тұрғындардың пікірі қандай?

Сондай-ақ оқыңыз: