Астанада «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын іске асыру бойынша жиын өткізді.

Жоба Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында қолға алынған. Екібастұзда іске асырылатын бастама Орталық Азиядағы қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін ірі кампус құруды көздейді. Оған 1,4 мың гектар жер бөлініп, инфрақұрылымдық және құқықтық жағдайлар жасалуда. Қосалқы станса сатып алу, сондай-ақ инвесторларларды мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктері әзірленіп жатыр. Құрылатын инфрақұрылымның маңызды элементі халықаралық серіктестерді тартуға арналған Greenfield аймағы болмақ. Сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымда халықаралық талаптарға сай желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмендетіледі. Бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей. Бұдан әрі есептеу құрылғыларының қуатын кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген.